«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәдениетімен таныстырды

Облыс орталығындағы “Радзіма” этномәдени бірлестігі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын белорус мәдениеті күндері фестивалін өткізді.

Аталған шара жастарға патриоттық тәрбие беру және белорус этносының ұлттық ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылғандықтан, фестиваль барысында елге деген сүйіспеншілікке, этностарды құрметтеуге баулитын өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Белорустердің ішкі жан дүниесін көрсететін билер де орындалды. Фестиваль қонақтарын өңірімізде өмір сүріп жатқан белорустердің тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныстыру үшін әдеби және қолданбалы қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге белорус этносының қазақ жеріне аяқ басқанынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі өмір жолы баяндалған кітаптар да қойылды. Өзге түгілі өздері де қызыға тамашалаған көрме өте сәтті ұйымдастырылған.

2003 жылдан бері облысымыздағы белорустердің мәдениетін таныстырып, оны насихаттауда белсене жұмыс істейтін “Радзіма” этномәдени бірлестігі аудандардағы бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, қоян-қолтық жұмыс істеуде. Фестивальға Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарындағы белорус этномәдени бірлестіктері арнайы келіп, өнерлерін көрсетті.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp