Петропавлда қалалық мәдени-ойын-сауық орталығының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінген. Жобалау-сметалық құжатқа сәйкес жөндеу жұмыстарын “Тамерлан ЛТД” ЖШС-і жүргізуде.
Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 564 мәдениет және мұрағат ұйымы бар. 2015 жылы саланы дамытуға бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 100 және одан көп адам тұратын ауылдарда демалыс орталықтары мен кітапханалар ашылады. Өткен жылы ауылдық елді мекендерде 22 клуб пен 6 кітапхана шаңырақ көтерді. 2015 жылы 31 мәдениет нысанын ашу жоспарланған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.