Қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметі денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметі темір торға тоғытылғандар мен тергеуде жүргендердің денсаулығын қорғауға міндетті. Бұл мекеме бас бостандығынан айырылған тұлғаларға санитарлық-эпидемиологиялық көмек көрсетеді. Сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін «ЕС-164/8 түзеу мекемесінде медициналық бөлім жұмыс істейді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бірқатар қызмет түрлері ұсынылған. Маскүнемдік пен нашақорлыққа шалдыққан жазасын өтеушілер мәжбүрлі түрде емделеді. Сотталғандардың әлеуметтік сауаттылықтарын арттыру мақсатында саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ақпараттық-білім материалдары әзірленіп, оларға таратылады.
Бөлімде тоғыз медициналық қызметкер жұмыс істейді. Олар темір торға тоғытылғандарды диспансерлік бақылауды, аурудың алдын алуды, амбулаториялық емделулерін қамтамасыз етеді.