Үстіміздегі жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай 29 қаңтар күні Астана қаласында “Нұр Отан” партиясы кезектен тыс XVII съезін өткізді. Іс-шара барысында партия мүшелері “Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық” сайлауалды бағдарламасын қабылдап, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін бекітті.
– Өткен шақырылым кезеңінде жұмыс істеген және орасан жұмыс атқарған депутаттарға шынайы ризашылық білдіремін. Партия атынан депутаттыққа ұсынылатын кандидаттар тізімін жаңарту оның өкілдерінің құрамын жасарту ниетінен, осы кезеңге лайық мамандарды іріктеу қажеттілігінен туындады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев съезде жасаған баяндамасында.
“Нұр Отан” партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің тізіміне 127 адам енді. Олардың арасында біздің облыстан “Астық-STEM” серіктестігінің директоры Сергей Звольский, “Қызылжар-Ақпарат” серіктестігінің директоры Кәрібай Мұсырман, “Радуга” серіктестігінің атқарушы директоры Петр Шарапаев бар.
(Өз тілшіміз).