Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына қатысуға ниет білдірген партиялар өз кандидаттарын атауда.
Дүйсенбі күні “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс XII съезін өткізіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің тізіміне 19 адамды енгізді. Олардың қатарында біздің өңірден “Қазсушар” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының “Есіл су” филиалы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Иван Кендюх бар.
“Ақ жол” демократиялық партиясы да XIII съезін өткізіп, Мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің партиялық тізімін бекітті. Мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің тізіміне 35 адам енген. Оның қатарында біздің өңірден “Закон и право” ЖШС-нің директоры, “Ақ жол” демократиялық партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық қабылдауының басшысы Евгений Кинцель бар.
(Өз тілшіміз).