Тәртіп сақшыларының тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау мақсатында өткізетін күн сайынғы рейдтері өңіріміздегі қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың бір түрі болып табылады.
Бұл санаттағы адамдардың тұрғылықты мекенжайынан айрылуына әртүрлі жағдайлар себеп болады. Көпшілігі уақыт сынына төтеп бере алмай, осалдық танытып, ішкілікке салыну салдарынан үйлерінен айрылып қалады. Полицейлер оларды жылу құбырларынан, құдықтардан, үйлердің жертөлелері мен шатырларынан іздеп табады. Мекенжайы жоқ адамдардың саусақ іздері алынып, өздері фотобейне есепке қойылады және кім екендіктерін анықтау жұмысы жүргізіледі. Оларды арнайы қабылдау мекемесінің қызметкерлері тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетеді.
Барлық деректер қажетті ақпарат орналасқан және ұдайы жаңартылып тұратын автоматтандырылған мәліметтер базасына енгізіледі. Бұл базаны пайдалану облыс полицейлеріне 178 қылмыстың бетін ашуға, іздестіруде жүрген 7 адамды (оның 4-еуі хабар-ошарсыз кеткен, 3-еуі – қылмыскер) анықтауға септігін тигізген.
Петропавл қаласы ішкі істер басқармасы қабылдау-тарату орнының бастығы Әділ Қайредденовтің айтуынша, жыл басынан бері аталмыш бөлімге 5064 адам жеткізілген. Сот шешімімен олардың 167-сі қамауға алынды. Аты-жөндерін көрсетілген тізімге және дактилоскопиялық есепке қою арқылы бұрын сотталған – 23, басқа мәліметтермен тіркелген 37 адам анықталды.
Осындай алдын алу іс-шаралары өңіріміздің криминогендік ахуалының тұрақтануын, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсаруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Облыс тұрғындарының тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтардың өмір сүріп жатқан орындары жайында қандай да бір ақпараттары болса, қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне 52-92-99 телефоны арқылы хабарласуына болады.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.