«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘСКЕУДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Петропавлдық балалардың «Томирис» сән театры Ресейде өткен байқауда екі бірдей жүлделі орынды жеңіп алды. 

Балалар сән театрлары мен костюм студияларының арасындағы байқау атақты модельер Вячеслав Зайцевтің қолдауымен биыл 13-ші рет өткізіліпті. «Сәулет және сән.XX және XXI ғасыр» тақырыбындағы сайыста солтүстікқазақстандық шығармашыл балалардың «Астана», «Томирис» деп аталған коллекцияларын шетелдік қазылар алқасы екінші орындардың жүлдесіне лайық деп бағалаған.

Жас модельерлер сән үлгілерін жасаумен қатар сол киімдермен сахнада жүруге, билеуге, актерлік шеберлікке үйренеді. 20 жылға жуық тарихы бар ұжым Ресейден басқа, Италия, Франция, Испания елдерінде өнер көрсетіп, көптеген шығармашыл жастарды қанаттандырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp