«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәуелі бәйтеректей отбасы

 

Жамбыл ауданының Ресеймен шекаралас жатқан Железное ауылында түтін түтетіп отырған 150-ден астам отбасының басым бөлігі байырғы тұрғындар. Солардың бірі – Смағұловтар әулеті.

Отбасының үлкендері Ғабит Смағұлұлы мен Бәтима Қызыкенқызының бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқанына жарты ғасыр толған. Ерлі-зайыптылар осы ауылда шаңырақ көтеріп, үш қыз бен бір ұлды ержеткізген. Ынтымағы жарасқан отбасынан ұрпақ сабақтастығының қайнар көзін көру де қиын емес. Ұлдары Өмірбек Ғабитұлының да шаңырағы осында тұрады. Бүгінде мәуелі бәйтеректей тамырын кең жайған әулеттің тыныс-тіршілігі, тәлім-тәрбиесі көпке үлгі. Ата-әжесінің ақылын алған немерелердің барлығы тіршілікке, отбасылық құндылықтарға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Біреуі – дәрігер, екіншісі – әскери салада, үшіншісі – спортшы. Ардагерлер осылайша, өмірден өз орнын тауып жатқан ұрпағына риза.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp