Ертең Петропавлдағы Погодин атындағы драма театрында Мәуліт мейрамына арналған шара өтеді.
Мұсылмандардың күнтізбесі бойынша Мұхаммед пайғамбардың туған күні биыл қаңтардың 12-сіне келіп отыр. «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шара барысында Құран оқылып, терме айтылады, сахналық қойылымдар көрсетіледі. Жалпы Мұхаммед пайғамбардың туған күніне арналған шаралар бір ай бойы өткізіледі.