«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәңгілік Ел – ұлттық идеямыздың түпқазығы

Бүгінде әлемдік геосаяси ахуал барынша шиеленісіп тұрғаны белгілі. Тіпті, әлемдік құрылым үлкен өзгерістердің алдында тұрған болуы да ықтимал. Мұндай сәтте әрбір мемлекет әлемдегі өз орнын айқындауға тырысады. Мыса­лы, Ресей Федерациясының Пре­зи­денті Владимир Путин биыл сәуір айында «Русский мир» атты тұжырымдамасын жария етті. Ал, Түркияның жаңадан сайланған Президенті Реджеп Тайып Ердоған өзінің ұлықтау рәсімінде «Жаңа Түркия» тұжырымдамасы туралы сөз қозғады. Ердоғанның сонда айтқан: «Менің жеңісім – Палестинаның жеңісі, менің жеңісім – Сирияның жеңісі, менің жеңісім – Сомалидің жеңісі!» – деген сөздері Түркияның болашақта тек түркі әлемінде ғана емес, бүкіл мұсылман әлемінде жетекшілікке ұмтылатынын көрсетеді.  

Осын­дай аумалы-төкпелі кезеңде Қазақстанның да әлемдегі өз орнын анықтап алуға ұмтылысы заңды. Біз орыс әлемінің де, Ба­тыс­ өркениетінің де, Араб лигасының да құрамдас бөлшегі емеспіз. Бағзыдан бері біздің әлемде өз орнымыз бар және біз сол дәстүрді жалғастырушымыз. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясы –  тәуелсіздігімізді баянды ете отырып, әлемдік қоғамдастықтағы өз орнымызды сақтап қалуға ұмтылысымыз.

Ерлан Қарин,

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

(«Егемен Қазақстан», 2014 жылғы 17

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp