Адамзат баласын алапат қайғы-қасіретке душар еткен зұлматтың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы іргесін сөккен шаңырақтар Қазақстанда да аз емес. Жүрекке түс-кен жараның әлі күнге дейін жазылмай келе жатқаны да шындық. Солардың қатарында біздің әулетіміз де бар.
Ұлы атамыз Махмет пен әжеміз Ақбілектің ұлдары Омар, Серғали, Нұрғали, Мұқажан соғыстың алғаш-қы күндерінен әскер қатарына ша-қырылып, сұрапыл шайқастарға қа-тысты. Олардың үшеуі майданда қа-за тауып, әжеміз Ақбілек елге жара-лы оралған Нұрғалиын ғана құшағы-на басқан екен. Боздақтардан қара-қағаз келгенімен, Мұқажан атамыз осы күнге дейін «хабар-ошарсыз кеткендердің» санатында болатын.
Ақыры, 2013 жылдың күзінде ресейлік «қызыл ізшілдерден» Ле-нинград облысының Лодейное поле ауданындағы Старая Слобода де-ревнясының маңынан қазақстандық жауынгер Мұқажан Махметовтің мүрдесі табылғаны туралы хабар алдық. Осы қаралы да қуанышты хабар туған ауылымыз – Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Жаңажолға келіп жет-кенде қуанышымызда шек болмады.
Әжеміздің, әкеміздің айтуы бойынша, Мұқажан атамыз сұңғақ бойлы, батыр тұлғалы, ақжарқын кісі болған екен. Домбыра шертіп, ән шырқауды ұнатыпты. Соңғы хатын-да Ленинград түбінде фашистермен қиян-кескі соғысып жатқанын жазып-ты. Содан кейін хабар-ошар саф тыйылған.
“Қызыл ізшілдердің” хатынан біл-геніміз, сондағы соғыс кезінде жер-лей салған, тереңдігі 50-70 санти-метрдей бір шұңқырдан 70 жылдан астам уақыт жатқан 19 адамның мүрдесі табылыпты. Марқұмдардың ішінде екі жауынгердің ғана меда-льоны болған екен. Біреуі – Мұқажан атамыздікі, екіншісі – жерлесіміз, Мамлют ауданындағы Вишневка елді мекенінің тумасы Поляков Па-вел Иванович деген азаматтікі бо-лып шықты. Мүрделер жерленген әлгі шұңқыр Новая Сегежа дерев-нясы үшін болған ұрыста қаза тапқан ерлерге бұдан бір жыл бұрын орна-тылған ескерткіштен 400 метрдей жерден табылған.
Атамыздың мүрдесін тапқан із-деушілер тобының жетекшілерімен электронды және телефон байла-нысы арқылы хабарласып тұрдық. Олардың өтініштеріне және көмек сұрауына байланысты мен Мамлют ауданының әкімдігіне, әскери бөлі-міне, облыстық әскери комисса-риатқа, облыстық, аудандық газет-терге хат жазып, ақыры Поляковтың туған қызы Наталья Павловна Поля-кованы тауып алдым. Ол қазір Санкт-Петербург қаласында бала-ларымен, немерелерімен тұрады екен.
Әкесінің сол жерде қайтыс болға-нын олар соғыс жүріп жатқан кезде-ақ, еліне мүгедек болып оралған қарулас жерлесінен естіп, біліпті. Әйткенмен, мүрдесін таба алмаған.
Батырлар ерлігі туралы жоғарыда аталған ескерткіш-обелискке ойып жазылған мына сөздер мағлұмат береді: “ с 21 по 24 октября 1941 года длилась Ново-Сегежеская наступа-тельная операция, в ходе которой бойцы 314-й стрелковой дивизии форсировали реку Свирь, заняли плацдарм, не позволив немецко-фа-шистским захватчикам перейти в наступление на город Тихвин, и сомкнуть второе кольцо блокады вокруг Ленинграда. В неравных кровопролитных боях казахстанские воины проявили высокую боевую выучку, стойкость, мужество и мас-совый героизм, многие из них сло-жили свои головы. Вечная память героям!”.
Осы ұрыста, 1941 жылдың 24 қазанында атамыз ауыр жараланған екен. Жарасы жанына батып, айғай-лап жатқан даусын естіп, оқтың борап тұрғанына қарамастан, оны құтқармақ болған П. Поляковтың ерлігін атап айту керек. Соғысқа дейін Павел Иванович мал дәрігері болып істепті. Сондықтан атамызға көмек бермекші болып жете берген-де ол да, атамыз да дөп түскен сна-ряд жарықшағынан мерт болыпты.
“Қызыл ізшілдер” жыл сайын, қар ерісімен, ұрыс шептерінен жауын-герлердің мүрделерін іздейді екен. Табылған мүрделерді бір жерге жинап, сол жылдың 22 маусымын-дағы қаралы митингіде салтанатты түрде қайта жерлеуді дәстүрге ай-налдырыпты.
Сол рәсімге ол жақтың шақыруы-мен мен және құдам – полиция полковнигі Қуаныш Қожахметов екеуміз де қатыстық. Біз Шал ақын ауданындағы туған ауылымыз Жа-ңажолдың зиратынан топырақ алып, бауырластар зиратына апарып салдық. Содан кейін ол жақтан алған топырақты әкеміз Нұрғалидың қабі-рінің жанына әкеліп көміп, атамыз Мұқажанның басына тас орнатып, “қырқы” өткенше аруағына арнап Құран бағыштаттық.
Соғыстан қайтпаған барлық ата-ларымыздың, өзіміздің үйден бақи-лық болған туыстарымыздың аруақ-тары риза, жандары жәннатта бол-сын демекпін. Соларға арнап Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қар-саңында Құран оқытып, бата қыл-мақшымыз.
Соғыстан екінші топтағы мүгедек болып оралған әкем Нұрғали 88 жасында дүние салды, алты баланы өсіріп, жеткізді.
Омар атамыздан екі қыз қалған еді, олар да өмірден озды. Ұрпақ-тары бар. Серғали атамыздан 4 жасында қалған жалғыз ұлы Мыр-затай 73 жыл жасап, қайтыс болды. Алматыдағы өзі білім алған Қазақ мемлекеттік университетінде 1960 жылдан бастап, қырық жылдай ұс-таздық етіп, қазақ тілі мен әдебиетін оқытты. Факультет деканы болды. Ал 1999-2008 жылдардың ара-лығында Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универси-тетінде қызмет атқарды. Ол – филология ғылымдарының докто-ры, Қазақ Ұлттық ғылым академия-сының академигі. Шал ақын ауданы-ның құрметті азаматы болды.
Мұқажан атамыз соғысқа дейін үйленбегендіктен, ұрпақ қалмаған.
Мен Ленинград облысына барған сапарымда Мұқажан атамның жер-ленген жерінен табылған жәдігер-лерді, тағы басқа да әкетуге рұқсат берілген заттарды, оның мүрдесінің табылғаны туралы құжаттарды және медальонын ауылымыз Жаңажол орта мектебінің мұражайына тап-сырдым.
Бауырластар зиратында жерлеу рәсіміне қатысқан жұртшылықтың өте көп жиналғанын көрдік. Ленин-градты қорғаған 314-ші атқыштар дивизиясы Солтүстік Қазақстан об-лысында жасақталғандықтан, жау-ынгерлердің көбі қазақ азаматтары болып шыққан. Жауынгерлердің құрметіне орнатылған ескерткіштегі сексендей азаматтың жиырмадан астамы – қазақтар. Тағы бір айтуға тұратын әңгіме – сол бауырластар зиратының бетіне, неге екені бей-мәлім, тек Мұқажан атамыз бен Па-вел Поляковтың ғана аты-жөндері жазылып, граниттен жасалған құл-пытастары біздің көзімізше мәңгілік-ке орнатылды.
Сондай-ақ, жиналған қауымның Қазақ елі мен қазақстандықтарға де-ген ыстық ықыласы, бауырмалдығы жүрегімізді нұрландырып тұрды. Әсіресе, ересектері үлкен ілтипат танытқанын ұмыта алар емеспін.
Біз әуелгіде атамыздың сүйегін қайтсек те елге әкеліп жерлеуді ұй-ғарған едік. Алайда, бұл қолымыз-дан келмеді. Өйткені, олар мүрде-лердің сүйектерін ұзын-қысқасына қарай іріктеп, бөлек-бөлек қояды екен. Сондықтан атамыздың сүйегін таба алмайтынымызды білдік.
Сөзімді түйіндей келгенімде Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметінің басшысы, полиция полковнигі, құ-дам Қуаныш Қожахметовке сапар-лас болып, көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Балуан МАХМЕТОВ,
зейнеткер.
Ақмола облысы,
Ақкөл қаласы.