Балық аулаумен әуестенушілердің екінші аймақтық мерекесін ұйымдастырушылар «Мөңке балық күні» 140 литр балық сорпасын пісіруді жоспарлап отыр.
Мереке маусымның 17-і күні Пестрое көлінің жағасында өтеді. Шара барысында балық аулаудан жарыс ұйымдастырылады. Оған қатысуға бүгінгі күннің өзінде 30 шақты адамнан өтініш түскен.