«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӨҢКЕ ҚЫРЫЛЫП ҚАЛДЫ

Табиғат қорғау мемлекеттік инспекторлары Мағжан Жұмабаев ауданындағы Питное көлінде балықтың қырылу фактісін анықтады

.

Инспекция мамандары жергілікті атқарушы орган, “Балық шаруашылығы ұлттық-өндірістік орталығы” ЖШС-нің қызметкерлерімен бірлесіп, аталмыш көлге зерттеу жүргізіп, нәтижесінде 500 килограмм өлген мөңке балығын жинап алды. Өлі балықтың бәрі жойылды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы өкілдерінің айтуынша, балықтан алынған сынама зертханаға жіберілді.

 

Сурет: https://m.azh.kz/


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp