«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАН ҚЫМБАТТАЙ МА?

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы қаншаға қымбаттайтынына қатысты болжамын айтты. 

«Менің ойымша, нан бағасы өседі. Бірақ, шамалы деңгейде ғана өсуі керек. Нан бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу үшін біз қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар, әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады», – деді Сапархан Омаров Үкіметтің баспасөз орталығында. «Қазір нан бағасы 75-85 теңге шамасында. Менің болжамым бойынша, нан бағасы 80-82 теңгеге барып қалуы мүмкін», – деді министр. Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда 19,1 млн. тонна астық бастырылғанын, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құрағанын мәлім еткен болатын.

www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp