Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен ойын-сауық шарасы осылай аталды. Мерекелік шараның басты қонақтары – бастауыш сыныптарда оқитын балғындар.
Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған шараны тамашалауға келген балалар мұражайдағы құнды жәдігерлермен танысып болған соң көктем мерекесіне арнап безендірілген бөлмеде ойын-сауық әлеміне тап болды. Мұнда түрлі ұлттардың киімін киген мұражай қызметкерлері балаларды өзге этнос өкілдерінің көктемді қарсы алу дәстүрлерімен таныстырды. Салт-дәстүрлерге қатысты ойындарда белсенділік танытқан балғындар “Күннің көзі” шығармашылық тапсырмасын да жедел орындап, мадаққа бөленді.
Бес күнге жалғасқан ойын-сауық шарасы бастауыш сынып оқушыларының елдің тарихы мен мәдениеті, қазақ халқының және өзге этностардың салт-дәстүрлері туралы ой-өрісін кеңейтуге, өткенді құрметтеп, сүйіспеншілік сезімін дамытуға арналды.
(Өз тілшіміз).
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.