«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАШАҚОРЛЫҚ – НӘУБЕТ

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы әскерилер арасында алдын алу  жұмыстарын өткізуге  баса  назар аударады.

Осы мақсатта тәртіп сақшылары   № 6637 әскери бөлімнің сарбаздарымен кездесті. Шара барысында сарбаздарға  “қара нарықтан” дәстүрлі есірткі заттарын айналымнан ығыстырып жатқан “тұз”  және “спайс” деген атпен белгілі арзан синтетикалық есірткілердің басты қаупі жайлы айтылды.  Әуелі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы түсірген “Тұз және спайс. Құрдымға апарар жол” фильмі көрсетілді. Бұл фильм  синтетикалық есірткі заттары туралы шынайы мәлімет береді.
Әскери қызметшілерге үйлердің қабырғаларындағы кейбір граффити жазбалар тыйым салынған заттарды сататын интернет-сайттардың сілтемелері екені айтылды.  Осындай мекенжайларды анықтағаннан кейін полицейлер оларды Ішкі істер министрлігіне бұғаттау үшін жолдайды.
 Жыл басынан есірткіге қарсы солтүстікқазақстандықтардың көмегімен 121 сайт бұғатталды, басқарма қызметкерлері 267 есірткі граффити жазбасын бояды.  Бұдан бөлек, жыл басынан облысымызда  136 есірткі құқық бұзушылығы, анықталды. 177 кг. астам есірткі заты, оның ішінде 107 гр. жуық героин және 740 гр. астам синтетикалық есірткі алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp