«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАШАҚОРЛЫҚ — ҚАУІПТІ ДЕРТ

Облыс орталығындағы “Жастар” стадионында өңір өрендерінің қатысуымен қоғамның індетіне айналған нашақорлыққа қарсы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл игі шара жастарды синтетикалық есірткілердің жаңа түрлерінен келетін қауіптен сақтандыруға, өрендердің бойына саламатты өмір салтын ұстану қағи­­датын қалыптастыруға бағыт­талды.

Шара барысында өңіріміздегі жиырмадан астам балалар мен жасөспірімдер клубының мүшелері спорттық ойындардың бірнеше түрлері бойынша сайысып, ғасыр дертіне айналған кеселмен күресудің жолдарын айтып, өз ойларын ортаға салды.

– Жуырда “Көкнәр” жедел-алдын алу шарасы кезінде тәртіп сақшылары Петропавл қаласының екі тұрғынын қолға түсірді. Қос күдіктіден тәркіленген 2 грамм героин ондаған жеткіншекті есірткіге тәуелді етуі мүмкін еді. Бүгінгі жастардың көбі еліктегіш, сенгіш қой. Осындай іс-шаралар арқылы өрендерді сақтандырып қана қоймай, олардың өз пікірлерінің қалыптасуына ықпал етеміз, – дейді Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы Данияр Найкин.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp