«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕЙРОХИРУРГТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Елордалық дәрігерлер  Петропавлда шеберлік сағаттарын өткізуде.  

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының нейрохирургі Азат Шпеков петропавлдық мамандарға ми ісігіне ота жасау тәсілін көрсетті. Миында көлемі 6 сантиметрдей ісік пайда болған 57 жастағы ер адамға 8 сағатқа созылған өте күрделі ота жасалды. Облыстық аурухана базасында мұндай ота алғаш рет жасалып отыр екен. Енді осындай сырқаттар жергілікті ауруханада емделетін болады. Ол үшін ауруханада материалдық-техникалық мүмкіндіктер толығымен жасалып, дәрігерлер Астанада арнайы курстардан өткен.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp