«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕСИЕ РЕСІМДЕГЕНДЕ НЕГЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК?

Кейбір адамдар несиенің қолжетімді екеніне қуанса, енді біреулер артық төлем мен жоғары пайыздар үшін оны мүлдем ұнатпайды. Алайда сіз кредит жайлы қалай ойласаңыз да – ол жай ғана қаржы құралы. Және осы құралды сауатты пайдалануды үйренген жөн. «Fingramota.kz» жобасы өзіңіздің нақты мүмкіндіктеріңізді қалай дұрыс бағалауға және қалтаңызға салмақ салмайтындай етіп ресімдеу керектігі туралы айтып береді.

Несие ресімдейтін уақытта оның мақсатын түсіну өте маңызды. Яғни біз қарыз қаражатын не үшін алып жатқанымызды және оны қайда жұмсайтынымызды түсінуіміз қажет. Сіздің нақты не сатып алатыныңызға қарай мақсаттар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Сондай-ақ мақсаттар орынды, демек қаржылық тұрғыдан сауатты және асығыс шешім қабылданған, яғни орынсыз болады. Бірақ ең бастысы, мақсатсыз несие – бұл қиын салдарларға әкеп соқтыратын қарыз.

Ал егер сізге қосымша қаражат расымен де қажет болса, қаржы ұйымына жүгінгеніңіз жөн болады. Әдетте сізге белгілі бір соманы алдын ала мақұлдаған болса, оны кейінірек пайдалана аласыз. Оған дейін барлығын мұқият жоспарлап алуға уақытыңыз болады.

Жастар соңғы үлгідегі смартфон сатып алуға әуес. Трендтен қалмау көп ретте қаржылық жағдайға теріс әсер етеді. Бұл жерде мәселе тіпті несиеге алу фактісінде де емес, мәселе адамдардың басым көпшілігінің соңғы модельдегі смартфондар мүмкіндігінің тек 30 пайызын ғана пайдалануында. Егер сіз оны қолдансаңыз және ол сізге көмектесіп, өміріңізді жеңілдететін, жақсырақ, тиімдірек ететін болса ғана мұндай затты кредитке алу ақылға қонымды. Егер сіз мәртебе үшін, бренд қуып, айналаңызды мойындатқыңыз келсе, мұндай заттарды кредитке алмаған абзал.

Келесі талданатын нәрсе – өз мүмкіндіктеріңіз. Біріншіден, заң бойынша сіз барлық несие бойынша ай сайынғы табысыңыздың 50 пайыздан аспайтын бөлігін ғана беруге құқылысыз. Егер сіздің кредит жүктемеңіз өте жоғары және кірісіңіздің жартысына жақын болса, кредиторлар, қаржы ұйымдары сізге несие бермеуі керек.

Екіншіден, сіз қандай да бір қаж е т т і л і к т і кредитпен өтеген кезде біраз уақытқа дейін басқа бір нәрседен бас тартуға тура келетінін есте ұстаған жөн. Бұл сіздің әл-ауқатыңызға әсер етпеуі үшін жеке немесе отбасылық бюджетті есепке алуыңыз қажет. Әрине онда ай сайынғы кредит төлемі міндетті түрде ескерілуі керек. Ең бастысы – несиенің не үшін төленетінін, яғни неден бас тартатыныңызды түсіну. Бұл жерде қосымша, әсіресе тұрақты келіп түспейтін кірісті кредитті өтейтін ақша ретінде қарастырудың қажеті жоқ.

Несиенің мақсаты туралы тағы бір ереже бар. Ешқашан қарыз қаражатын тысқары жобаларға, бағалы қағаздарға, криптовалюталарға инвестициялауға болмайды. Ондай құралдар жоғары кіріс түсіреді деп уәде еткенмен, оған кепілдік бермейді. Яғни «қазір несие алып, инвестицияға саламын, 2 есе пайда табамын» деген жағдай жұмыс істемейді. Егер несие бизнесті дамыту үшін алынса, ол сіздің бизнесіңіз болуы керек және алған ақшаның сізге одан да көп ақша әкелетінін және оның қалай болатынын нақты түсінуіңіз керек.

Несиені қалай таңдауға болады? Әртүрлі нұсқаларды зерттеп, қайсысы сізге сәйкес келетінін біліп алыңыз. Мұны істеу оп-оңай. Егер кәсіпкер болсаңыз, онда сізге арналған жалақы жобасы немесе жеке кәсіпкерге арналған жобасы бар өз банкіңізге барыңыз. Менеджерден сізге мысал ретінде 1 миллион теңгені есептеп беруді сұраңыз. Алдымен 12, 15 және 18 айға есептеу жасаңыз. Нәтижесінде бұл мерзімдердің әрқайсысының шарттары мүлдем басқа болып шығады. Айтпақшы, сіз аннуитет кестесін жасауды өтіне аласыз – бұл ай сайын тең төлемдер мен сараланған төлемдер жасау дегенді білдіреді, бұл ретте сіз алдымен сәл көп, содан кейін аз төлейсіз. Біріншісі қысқа мерзімге, екіншісі – ұзақ мерзімге алғанда тиімді болады. Қалай болғанда да, екі тәсілді де зерттеп алғаныңыз жөн.

Дина ТІЛЕУБАЕВА,

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдігі басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp