«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НИТРАТСЫЗ КӨКӨНІС” АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Сауда орындарында сыңсып тұрған қызылды-жасылды, дәмі тіл үйірер жеміс-жидектердің құрамында нитрат бар ма? Бұл сұрақ Петропавл қаласының тұрғыны Роза Ахматулинаны бұрыннан бері мазалап жүр еді. Ол облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жүргізген акцияға қатысып, сауалына жауап тапты.

Акция аясында облыс орталығындағы сауда орындарында көшпелі зертхана ұйымдастырылды. Тұрғындар сатып алған жеміс-жидектері мен көкөністеріне сынама жүргізді. Роза Ахматулина сатып алған қауынын тексерді. Нәтижесінде қауынның құрамында нитрат көрсеткіші үш есе көп екендігі анықталды.  

“Нитратсыз көкөніс” деп атау алған акция барысында 60 сынама жасалды.

Аталмыш акция жалғасын таппақ. Сатып алған көкөністер мен жеміс-жидектерді тексеремін деушілер облыс орталығындағы “Дария”, “Достық” базарларына барып, акцияға қатыса алады.

Жанар ДУЛАТОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp