«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НОВОИШИМ ТЕМІР ЖОЛ СТАНЦИЯСЫНА – 60 ЖЫЛ

Қазақстан аумағында орналасқан Орталық-Сібір магистралінің тарихы 263 шақырымға созылған Утяк-Пески-Целинный темір жол торабының салынуынан басталды. Бұл темір жол торабы Қорған, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау өңірлерінен өткен еді. 1982 жылы Пески – Целинный темір жол станциясына Новоишим деген жаңа атау берілді.

Қазіргі таңда Новоишим станциясы – 11 мекемесі бар үлкен темір жол торабы. Ол пойыздарды қабылдау-жөнелтуді іске асыру жағынан 3 бағытта жұмыс істейді, олар: Қостанай, Көкшетау, Пресногорьков. Жабдықталуы жағынан сөз қозғайтын болсақ, станцияда қабылдау-жөнелту және сұрыптау парктері бар. Бекетте вагондардың толық тексерілуі және техникалық байқауы өтеді де, табылған ақауларға тез арада жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Новоишим станциясында 1200-ге жуық адам қызмет атқарады. Айта кететін болсақ, жылдан-жылға темір жол қызметкерлерінің қатарын жас буын мамандары толықтырып отырады. Сонымен қатар, бекеттің қызметкерлері ауданда болып жатқан іс-шараларға белсене қатысады. 2006 жылы Новоишим станциясына “Ең үздік ұйым” деген аталымда диплом берілсе, 2008 жылы тасымалдау бөлімдерінің командалары арасында “Эрудит ПТЭ” байқауында грамота алды.

Станцияның 60 жылдық мерейтойына орай теміржолшылар ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мысалы, вокзал маңайындағы қураған ағаштар алынып, жолдар жасалды, гүлдер егілді.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ Астана күні мерекесі қарсаңында жоғары жабдықталған “Қызылорда – Астана – Қостанай” бағытында №094 “Тұлпар-Тальго” жолаушылар жүрдек пойызын жолға шығарды.

2016 жылы “Қостанай – Алматы” жоғары жабдықталған пойызын жолға шығару жоспарланып отыр.

Гүлбаршын ҚАҒМЕТУЛЛАҚЫЗЫ,

журналист.

Ғ.Мүсірепов

атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp