Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумына қатысу үшін Екатеринбургке келді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Форум аясында Мемлекет басшысының Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөзі жоспарланған.
Сондай-ақ екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумының басты тақырыбы “өнеркәсіп кооперациясы” болып табылатын пленарлық отырысына қатысады.
Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою көзделінген.