«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НҰРҚОЖА ТАҒЫ ЕРЛЕДІ

Солтүстікқазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Қытайдың Ухан қаласында өтіп жатқан VII жазғы бүкіләлемдік әскери ойындарда күміс медальға ие болды. Жерлесіміз Қорғаныс министрлігі орталық әскери спорттық клубының (ЦСКА) мүшесі екенін айта кеткен жөн.

⠀Финалға дейін жеңіліссіз жеткен жерлесіміз ақтық кезеңде ресейлік Хетаг Цаболовпен белдесті. Өкінішке қарай, бұл жолы Нұрқожа есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.
Солтүстікқазақстандық бұған дейін еркін күрестен Азия біріншілігінде алтын медаль иеленсе, Нұр-Сұлтан қаласының төрінде өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған болатын.
⠀Дүниежүзілік әскери ойындар – бұл халықаралық әскери спорт кеңесі («CISM») аясында әскери қызметші-спортшылар үшін ұйымдастырылған спорттық жарыс. Олимпиадалық ойындардың баламасы ретінде сайыс төрт жылда бір рет өткізіледі. Бұл жолы әлемнің 132 мемлекетінен барған 8 мың әскери спорттың 27 түрі бойынша сынға түсуде. Қазақстандық әскерилер таэквондо, дзюдо, оқ ату, бокс, еркін және грек-рим күрестері, қазіргі бес сайыс, жүзу, спорттық бағдарлау, жеңіл атлетика және пентатлон бойынша бақтарын сынауда. 

Сурет https://kaztag.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp