«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды.

Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен қайтыс болып отыр. Пациент 50 жаста болған, 2020 жылы 21 наурызда жедел медициналық жәрдем бригадасы арқылы ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысында жиі іс-сапарларға шығып тұрған. Жақын байланыста болған отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 ықтимал байланысқан адамға үй карантині белгіленді. Сонымен бірге, отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

 https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp