«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НӘТИЖЕСІ МОЛ БАЙЛАНЫС

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бұқаралық ақпарат құралдарымен қоян-қолтық жұмыс істеу тақырыбында мекеменің құрылымдық бөлімдерінің басшыларымен сабақ өткізді.

Биылғы жылдың бірінші сабағында департамент басшылары мен мамандарына БАҚ-пен жұмыс істеудің ережелері мен тәртібі түсіндіріліп, ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органның құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша журналистермен тиімді әрекеттесу жайында нұсқаулар берілді. Сабақ “SІР – телефония” тәсілін қолдану арқылы аймақтық режімде өткендіктен, оны өңірдің аудандық өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімдері де тыңдады.

Шарада БАҚ-қа ақпарат беру, оның ішінде баспасөз парақшасына, фотосуреттер мен бейнематериалдарға қойылатын талаптар жайында сөз қозғалды. Дәйексіз немесе толымсыз ақпараттар қандай нәтижеге ұрындырары да назардан тыс қалған жоқ. Бұл сауалдарға мекемедегі мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлев жауап берді.  

Қатысушыларға сала қызметкерлерінің дайындық дәрежесін әлемдік стандарттарға көтеру, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жетілдіру жайы да айтылды.

– БАҚ-тың, интернет кеңістігінің көмегімен халықпен кері байланыс орнатылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомствоға халықтың сенімі артты. Біздің міндетіміз – осы қарым-қатынасты іскерлікпен және кәсібилікпен әрі қарай жалғастыру, – деді Евгений Журавлев.

Балқия ЖӘНІБЕКОВА,

СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp