«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НӨСЕРДІҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮҒА ЖӘРДЕМДЕСТІ

Өткен демалыс күндеріндегі жайсыз жағдай Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын біраз әбігерге түсірді: қатты жауған нөсерден ондаған жеке тұрғын үй зардап шекті.

Амалы таусылған адамдар “112” қызметіне дамылсыз телефон шалып, құтқарушыларды көмекке шақырумен болды:

– Көмектесіңіздер, су басып жатыр!

– Үйге су кірді, біздің кішкентай балаларымыз бар!

– Көмек көрсетіңіздер, су астында қалатын болдық!

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты үстіміздегі жылғы 18 және 19 шілде күндері Петропавл қаласында жеке тұрғын үйлерге жаңбыр суы кіргендігі жөнінде 37 оқиға тіркелді. Төтенше жағдайларға жедел көмек көрсету үшін департаменттің дағдарыс орталығы базасында жедел штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, сол сияқты азаматтық қорғаныс қызметтері, бірыңғай “112” кезекшілік-диспетчерлік қызмет бекітілген жоспарға сәйкес әрекет етті.

Су басуды жою үшін төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” ММ мен жедел құтқару отряды 19 шақыруда болып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсетті. Бұл жұмысқа 12 техника мен жеке құрамның 41 адамы жұмылдырылды. Тұрғын үйлерден 1500 текше метрден астам су сорып алынды. Құтқарушылар іс жүзінде үзіліссіз жұмыс істеді. Департаменттің шұғыл қызметі күшейтілген тәртіпте әрекет етті.

Апаттық-құтқару жұмыстары, негізінен, Жұмысшы кентінде, Бензострой, Ойқала және Копай шағынаудандарында атқарылды. Барлық үрейлі дабылды хабарлар негізінен түн ішінде және таңертең ерте келіп түсті. Өрт-сөндірушілер мен құтқарушылар нөсер жауынның тегеурініне төтеп беріп, адамдарға қажетті көмек көрсетті.

Болат ИТЖАНОВ,

 төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp