
Өңірімізде 5-6 қаңтар күндері өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды. Білім додасына 600-ге жуық оқушы қатысты. Оқушылар 15 пән бойынша өз білімдерін сынады.
– Олимпиаданың қорытындысы бойынша Білім-инновация лицей-интернатының оқушылары 31 жүлдеге ие болса, “БЭСТ” гимназиясы 30, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты 25 медальға ие болды. Ал ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты “олимпиаданың ең үздік мектеп командасы” атанды. Бұл сайыста тек мектеп оқушыларының ғана емес, мұғалімдердің де білімі сынға түсті. Енді жеңімпаздар республикалық кезеңге дайындықты бастайтын болады, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.
Сайыс жеңімпаздары облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталды.
Республикалық кезең наурыз айының 20-30 күндері еліміздің Талдықорған және Қарағанды қалаларында өтеді.
http://petropavltv.kz/