Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №833 Жарлығымен Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) таратылды, оның экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері бірмезгілде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің құзырына жатқызылды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 қарашадағы №248 – V заңына сәйкес Қаржы министрлігінің құрылымында құрамына экономикалық және қаржылық қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жүргізу жөніндегі құқық қорғау органының өкілеттіліктері бар экономикалық тергеу қызметі енетін мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі Мемлекеттік кірістер комитетінің құқық қорғау блогының аумақтық органы болып табылады, ол мына мекенжайда орналасқан: Петропавл қаласы, Мир көшесі, 120-үй, телефоны: 8(7152) 46-22-07 (қабылдау бөлмесі), 46-98-18 (кезекшілік бөлімі).
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары құқық қорғау органы болып табылмайды, бұл ретте дайындалып жатқан, жасалған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылық пен қылмыс туралы өтініштері мен хабарламаларын жеке және заңды тұлғалар тікелей аумақтық басқармаларға беруіне болатыны сияқты, кезекшілік бөлімі бар, қылмыстық құқық бұзушылық туралы тәулік бойы, мерекелік және демалыс күндерінде де ақпарат қабылдайтын жақын жердегі қылмыстық қудалау органына (ішкі істер органына) бере алады.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті.