Бесінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының жиырма алтыншы сессиясы 2014 жылғы 20 маусымда сағат 11.00-де облыстық мәслихаттың үлкен залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Тұрақты комиссиялардың отырысы маусымның 20-сы күні сағат 9.30-да облыстық мәслихаттың кіші залында (4-қабат) өтеді.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
2011-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасының Айыртау және Шал ақын аудандарында орындалу барысы туралы.
2013 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
“Солтүстік Қазақстан облысының аудандар орталықтары құрылысының бас жоспары туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №12/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Әртүрлі.