2020 жылғы 7 ақпан күні сағат 11.00-де Қазақстан Конституциясы, 51 мекенжайындағы Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің акт залында полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев тұрғындар алдында есеп береді.
Облыс тұрғындарынан осы іс-шараға белсенді қатысуларын сұраймыз. Аудан тұрғындары аудандық полиция бөлімдерінде бейнеконференцбайланыс режімінде қатысуларына болады.