«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Полиция полковнигі Қанат Айтбаев облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті осыған дейін атқарған полиция полковнигі Думан Таев Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына ауысты.  

Облыстық полиция департаментінің жеке құрамына бірінші орынбасарын ведомство бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев таныстырды. Ол Қанат Айтбаевтың тәжірибесінің мол екендігін айтып, жоғары кәсіби шеберлігі құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді. 
Қанат Киікбайұлы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1992  жылы Көкшетау облыстық ішкі істер басқармасында уақытша ұстау изоляторының милиционері болып бастаған. Түрлі жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер басқармасы учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкілі қызметтерін атқарған. Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың полиция бөлімдерін, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасын басқарған ол 2016 – 2018 жылдар аралығында жергілікті полиция қызметіне жетекшілік етті. Осы тағайындауға дейін полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp