«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

2018 жылғы 16 қазан күні Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

 

Отырыста 2018 жылғы 20 қарашаға белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты немесе өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғандардың орнына ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары мен күнтізбелік жоспар қаралды және бекітілді.

Ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді.

Аудандық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері нақтыланды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттарын дайындау жөніндегі мәселе қаралды.

Облыстық сайлау комиссиясының отырысында, сондай-ақ, басқа да мәселелер қаралды.

Талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

Облыстық сайлау комиссиясының құрамы

 

Төраға – Ерболат Мұратұлы Бекшенов.

Төрағаның орынбасары – Сергей Васильевич Калинин.

Хатшы – Светлана Валентиновна Копнина.

Мүшелері: Лариса Болеславовна Гордеева;

Рүстем Мұқашұлы Елубаев;

Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков;

Бейбіт Жылгелдіұлы Мұқанов.

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38-үй, 2-қабат, №41 және №43 кабинеттер, телефон/факсы 46-67-63, 36-55-44.

 

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp