«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Облыстық сайлау комиссиясының хабары

2020 жылғы 25 тамыз күні Солтүстік Қазақ­стан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты және өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарғандардың орнына 2020 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысында аудандық бағыныштағы қалалар мен ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына дайындалу және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары мен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді.

Аудандық бағыныштағы қалалар мен ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына дайындалу және өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді.

Аудандық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері нақтыланды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттамаларын әзірлеу туралы мәселе қаралды.

Отырыста басқа да мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойын­ша тиісті қаулылар қабылданды.

Облыстық сайлау комиссиясы.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, 2-қабат, каб. №41 каб., тел./факс 36-55-51

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp