Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Бейбіт Қайыркешұлы Исманов облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бейбіт Исманов 1971 жылы Алматы қаласында туған. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Мәскеу осызаманғы гуманитарлық институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Автомобиль көлігінің инженер-механигі, құқықтану бакалаврі, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі мамандықтарына ие.
Еңбек жолын 1988 жылы Петропавл қаласындағы №76 жылжымалы механикаландырылған колонна мекемесінде жұмысшы болып бастаған. Отан алдындағы азаматтық міндетін өтеп келгеннен кейін “Имстальком” ААҚ-да инженер қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары “Шағын қонақ үй” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары, директоры, 2002-2008 жылдар аралығында қала әкімінің көмекшісі, аппарат жетекшісі болған. 2012-2018 жылдар аралығында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып істеген. Осы тағайындауға дейін Айыртау ауданының әкімі қызметін атқарған.