
Бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті.
Алқалы жиында «Қызылжар — адалдық алаңы » жобалық кеңсесінің жұмысы туралы мәселе қаралды. Бұл жобаның мақсаты — тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту, оған қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.
Әкімдік оттырысында сондай-ақ санитарлық -эпидемиологиялық қолайлылықты қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау мәселесі талқыланды.
Әкімдік отырысы туралы есепті газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.