«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Облыстың банк секторындағы жағдай

Облысымыздың банк секторында екінші деңгейдегі банктердің 13 аймақтық филиалдары мен олардың 40 құрылымдық бөлімшелері жұмыс істеуде. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша банктердің кредиттеу көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артып, 182,6 млрд. теңгені құрады.

Биылғы үш айда екінші деңгейдегі банктер 45,3 млрд. теңге сомасына кредит берді, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 8,1 пайызға төмен.

Тұтынушылық және ипотекалық кредиттер нарығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім байқалды. Жыл басынан бері 15,0 млрд. теңге тұтынушылық кредит, 4,4 млрд. теңге ипотекалық несие берілді.

Облыс бойынша мерзімі өткен берешек 4,4 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2 пайызға азайды. Мерзімі өткен берешектің 77,3 пайызы жеке тұлғаларға, ал қалғаны заңды тұлғаларға тиесілі.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халықтың және заңды тұлғалардың банк филиалдарына салған ақша қаражатының көлемі 20,8 пайызға өсіп, 225,1 млрд. теңгені құрады. Оның 87,6 пайызы облыс тұрғындарының салымдары, олар тұрақты өсім көрсетіп отыр. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 пайызға (197,1 млрд. теңге) дейін артқан.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 2021 жылдың 1 сәуірінде 189,3 млрд.теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттер 35,8 млрд. теңгені құрады. Долларландыру деңгейінің 15,9 пайызға дейін төмендеу үрдісі сақталып отыр.

Юлия СТУПИНА,

Ұлттық банктің облыстық филиалы экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маманы – экономисі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp