«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2014 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 19 пайызға, негізгі капиталға құйылған инвестициялар – 11,1, ауыл шаруашылығы – 4,3, өнеркәсіп өндірісі 3,7 пайызға ұлғайды. Осы кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 23,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,1 пайыз артық.

Негізгі капиталға құйылған инвестицияларды қаржыландыру көзінің 80,1 пайызы шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз қаражаты, мемлекеттік бюджет қаражаты – 9,4 пайыз, өзге қаражат – 8,4, банк кредиттері – 2,1 пайыз.

Жылдың алғашқы бес айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 26,6 млрд. теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлерінен 28,6 мың тонна тірідей салмақта союға өткізілді, бұл 2013 жылғы қаңтар-мамырдан 5,5% артық, 152,5 мың тонна сиыр сүті сауылды (2,8%-ға), 186,4 млн. дана тауық жұмыртқасы алынды (4,2%-ға).

2014 жылғы қаңтар-мамырда облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарын, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағада 58,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2013 жылғы қаңтар-мамырдан 3,7% артық.

2014 жылғы қаңтар-мамырда рапс майы және оның фракциялары – 47,7%-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей – 31,2%-ға, сары май – 25,3%-ға, бидай немесе қара және күздік бидайдың майда тартылған ұны 19,1%-ға артық өндірілді.

Теріден және соған жатқызылатын өнімді өндіру 19,4 есе, жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 5,1 есе, машиналар мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 1,8 есе, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 1,6 есе ұлғайды.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 4 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары атқарылды. 2014 жылғы қаңтар-мамырда жаңа 158 ғимараттың құрылысы аяқталды.

Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар жалпы көлемі 19,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді, бұл өткен жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда 162,6 пайызды құрайды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp