«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ – ЗУХРА АУҒАНБАЕВА

“2015 жылдың үздік педагогі” облыстық байқауына 12 мұғалім қатысты. Бақтары мен баптарын қатар сынаған байқауға қатысушылар қазылар алқасының алдында өздерін таныстырды, эссе жазды, психологиялық және педагогикалық тест сұрақтарына жауап берді. Осыдан кейін ашық сабақ өткізді. Сонымен, қазылар алқасының шешімімен М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зухра Ауғанбаева “2015 жылдың үздік педагогі” деп танылды.

– Себебі, осы күнге дейін облыстық, республикалық байқауларға бірнеше мәрте қатысып, жүлделі орындар алған едім. Бұл жолы жинақтаған тәжірибем және тұлғаның өсу, қалыптасу, даму динамикасы жөніндегі өзімнің тұжырымдарым, зерттеулерім, оқушыларымның жетістіктері зор көмек болды, – деген жеңімпаз енді өңір намысын республикалық байқауда қорғайтын болады.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp