«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық мәслихаттағы “Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Облыс әкімі, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында 2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы айтылды. 

Облыстық мәслихаттың шешімімен осыдан төрт жыл бұрын қабылданған бағдарламада алты бағыт қамтылған. Солар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев өткен жылы жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін 162,6 млрд. теңге қаржы жұмсалғанын тілге тиек етті. Соңғы үш жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 6,9 пайызға артып, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі 710,5 мың теңгеге жеткен. Өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде тұрақты өсім байқалып отыр. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 45 пайызға артыпты. Былтыр 218 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көп. Соңғы үш жылда жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың үлесі 8 пайызға артқан. Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін Есіл, Тайынша, Айыртау, Тимирязев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы жүргізіліпті. Өңірімізде 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен толық қамтамасыз етілсе, тұрғындарды еңбекпен қамту үшін жыл сайын 12 мың жаңа жұмыс орны ашылуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздар саны азаюда. Егер 2015 жылы өңірімізде жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраса, былтыр ол 4,9 пайызға дейін төмендеген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp