«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСЫМЫЗ БІЛІКТІ ЗАҢГЕРЛЕРГЕ БАЙ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын түсіндіру мақсатында өңірімізге келген республикалық ақпараттық-насихат тобының өкілі – ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Сергей Ли облыстық Әділет департаментінің ұжымымен кездесті. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кездесу барысында төраға орынбасары Жолдаудан туындаған міндеттердің орындалу барысына тоқталып өтті. “Бұған солтүстік өңірдегі әріптестерімнің зор үлес қосарына сенімдімін”, – деді ол. Сергей Михайловичтің пікірінше, біздің облыста жоғары білікті заңгер мамандар мол, олар кез келген тапсырманы сапалы орындауда белсенділік танытуда. Сергей Ли теңге бағамына қатысты өзгерістің өңір дамуына, тұрғындар жағдайына еш әсер етпейтініне үмітті. Өйткені, біздегі азық-түлік өнімдері мен өзге де тауарлардың көбі өз жерімізде шығарылуда.  

Кездесу барысында Әділет департаментінің қызметкерлері төрағаның орынбасарына көкейдегі сауалдарын қойды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp