«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Облыс аудандары бойынша жалақы

2015 жылғы 2-тоқсанда Петропавл қаласы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 96409 теңгені құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2 пайызға өсім байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысының аудандары бойынша алғанда ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Жамбыл ауданында – 81669 теңге. Екінші орында Мағжан Жұмабаев – 81428 теңге, әрі қарай Ғ.Мүсірепов атындағы, Қызылжар аудандары.

Ауыл, орман және балық шаруашылығында ең жоғары жалақы алатын қызметкерлер Жамбыл және Тимирязев аудандарында (сәйкесінше 88025 теңге және 85997 теңге), көлік және қоймалауда – Қызылжар ауданында (151085 теңге) және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда (111242 теңге).

Негізгі экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы. 2015 жылғы 2-тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 85360 теңгені құрады. 2014 жылғы екінші тоқсанға атаулы жалақы индексі 105,8 пайызды, нақты 101,6 пайызды құрады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылғы 2-тоқсанда қаржы және қауіпсіздендіру қызметі (142227 теңге), ақпарат және байланыс кәсіпорындары (127436 теңге) ең жоғары төленетін салалардан көрінді.

  Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp