«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Жыл өткен сайын ерлікке толы соғыс жылдары алыстай түсуде, алайда халықтың ұлы ерлігі мен оның бүкіл адамзат тағдырындағы тарихи маңызын уақыт кеміте алмайды.

Бізді 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы фашизмді күйреткен Жеңістен 70 жыл бөліп тұр. Балаларының, немерелерінің және шөберелерінің жарқын болашағы үшін біздің жерлестеріміз кескілескен ұрыстарда керемет қайсарлық пен батырлықтың үлгісін танытты.

Жерлестеріміздің ерлігі алдында басымызды ие отырып, өздерінің өмірі мен денсаулықтарын сарп етіп, бізге және біздің балаларымызға жарқын болашақ сыйлаған жандарға қамқорлық таныта келе, сіздерді 2015 жылғы 11 сәуірде өтетін облыстық қайырымдылық сенбілігіне белсене қатысуға шақырамыз. Сенбіліктен түскен қаражатты қайырымдылық шараларын өткізуге және соғыс ардагерлерін қолдауға бағыттауды ұсынамыз.

Ұйымдардың, ведомстволардың және барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың ұжымдарын, оқушылар мен студенттерді, облыстың әрбір тұрғынын біздің ұсынысымызды қолдауға және сенбілік күні көшелер мен аулаларды тазалауға шығып, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты мүгедектерге тұрғын үй-жайларын жөндеуге көмек көрсетуге, өзіміздің ортақ үйіміздің, туған өлкеміздің жаңаруына қолдан келгенінше үлес қосуға шақырамыз.

Бұл сенбілік әртүрлі ұлт адамдарын, барлық ұрпақтардың өкілдерін, біздің өмірімізді материалдық және рухани жағынан байыта түсуге ұмтылып отырғандардың баршасын біріктіретін акцияға айналсын!

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары! Қайырымдылық сенбілігінің нәтижелілігі көбіне-көп сіздердің жеке белсенді ұстанымдарыңызға байланысты!

  Қайырымдылық сенбілігіне әзірлік және оны өткізу жөніндегі штаб.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp