«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы қарсаңында және “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында біздің мемлекетіміздің жарқын болашағын құруға атсалысқан, сол жолда аянбай еңбек еткен қарияларымызға құрмет көрсетіп, қалыптасқан дәстүр бойынша қарттар мен мүгедектерге материалдық жағынан көмектесуге арналған қайырымдылық шараларына белсене қатысуға шақырамыз.

Қарттарға деген қамқорлықты еш уақытта санамыздан шығармауымыз керек. Оларды өмірдің осы бір белесінде демеп, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Қарттар күні біз оларға бар ынтаықыласымызбен қамқорлық жасауға тиістіміз, бұл – құрметтің ең үлкені.

Барша солтүстікқазақстандықтарды қыркүйектің 16-сы күні өтетін қайырымдылық сенбілігіне қатысып, қазанның 1-і мен қарашаның 1-і аралығындағы қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығынан тыс қалмауға шақырамыз.

Сенбіліктен түскен бір күндік табыс мөлшеріндегі қаражат төмендегідей бөлінеді:

– қаражаттың 50 пайызы еңбек ұжымдарындағы зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсету үшін қалдырылады;

– қаражаттың қалған 50 пайызы ардагерлер кеңесінің есепшотына аударылады. Еңбек ұжымдарының өз зейнеткерлері болмаған жағдайда қаражат толығымен ардагерлер кеңесіне аударылады.

Қарттар мен мүгедектерге қолдау көрсетілетін жалпыхалықтық акцияға белсенді қатысатындарыңызға сенімдіміз және алдын ала алғысымызды білдіреміз.

Ұйымдастыру комитеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp