«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Жыл өткен сайын адамзатты күйреткен алапат соғыс жаңғырығы алыстап барады, алайда, аталарымыздың ерлігі және оның барша адамзат тағдыры үшін тарихи маңыздылығы ешқашан ұмытылмайды.

1941-1945 жылдардағы қанқұйлы соғыста фашизмді тізе бүктіріп, Жеңіске жеткенімізге биыл 74 жыл толады. Біздің жерлестеріміз сұрапыл соғыс жылдары балалары, немерелері мен шөберелерінің келешегі үшін қасық қаны қалғанша шайқасып, ерлік көрсетті.
Біз жерлестеріміздің алдында олардың ерлігі үшін бас иіп, өзінің өмірі мен денсаулығын құрбан еткендерге құрмет көрсете отырып, сіздерді 2019 жылғы 13 сәуір күні өтетін облыстық қайырымдылық сенбілігіне қатысуға шақырамыз. Сенбіліктен түскен қаражатты соғыс ардагерлеріне қолдау көрсету мақсатындағы қайырымдылық іс-шараларын өткізуге жұмсауды ұсынамыз.
Ұйымдар, ведомстволар және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар ұжымдарының, оқушылар мен студенттердің, облыстың әрбір тұрғынының атсалысуын, сенбілік күні көшелер мен аулаларды жинауға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі жандарға үйлерін жөндеуге көмек көрсетуге, әр елді мекенді, туған өлкемізді көркейтуге өз үлестерін қосуларын сұраймыз.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, қайырымдылық сенбілігінің нәтижесі, көбінесе, Сіздердің жеке белсенді іс-әрекеттеріңізге байланысты болмақ!

 

Қайырымдылық сенбілігін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp