«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Облыс тұрғындарының балғын бөлігі

Көптен күткен жаз Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен басталады.

2012 жылы облыста 8,7 мың сәбидің өмірге келуі тіркелген, немесе тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 14,98 (2011 жылы – 14,76) жаңа туылған. 2012 жылғы халықтың табиғи өсімі тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 1,41 (0,87) құрады. 2012 жылы туылғандардың жалпы санынан ер балалар қыздардан 48,8% (48,1) көбірек 51,2% (51,8).

 

Жаңа туған 100 қыз балаға 105 ұл баладан келеді.

2012 жылы 81 егіз бала туу оқиғасы тіркелген, ол 2011 жылғыдан 26,6% артық. Егіздерді тіркеу бойынша мамыр мен маусым айлары рекордтық болып, сәйкесінше 13 және 10 егіз бала туу оқиғасы тіркелген.

2012 жылы туылғандар санынан тұңғыш балалар 44,3% (44,2), екінші балалар – 34,2% (34,2), отбасындағы үшінші бала – 13,6% (14,2), төртінші – 5,1% (5), бесінші – 1,7% (1,7), алтыншы – 0,7% (0,5), жетінші және одан көп – 0,4% (0,3) құрады. Өткен жылы жетінші бала он алты отбасында (9), сегізінші – бесеуінде (7), тоғызыншы – екі (5) отбасында, оныншы екі отбасында (1) туды. Сондай-ақ отбасында он бірінші баланың бір туу оқиғасы тіркелген.

20 жасқа дейінгі аналар үлесіне жаңа туылғандардың 7,4% (7), 20-29 жасқа – 64,2% (63,2), 30-39 жасқа – 28,0% (27,8), 40-49 жасқа 1,9% (2) келеді.

Тіркелген некеде ата-аналарда 6,5 (6,4) мың бала немесе 75,3% (73,8) бала туды, жалғызбасты аналарда 1,2 мың бала (1,2).

Жаңа туғандар арасында қазақтардың 42,3 (40,8%) және орыстардың 4 (42,6%) үлес салмағы қомақты, немістер 5 (4,8%), украиндар 4,2 (4,1%), татарлар 2 (1,8%), барлық туылғандар құрамында басқа ұлттардың үлес салмағы 5,5 (6%) құрады.

2008 жылдан бастап облыста нәрестенің шетінеуі тұрақты төмендеу үрдісіне ие. 2012 жыл ішіндегі нәрестелер шетінеу оқиғаларының саны 96 (104) құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 7,7%-ға немесе 1000 туылғандарға шаққанда 11,03 (12) промиллеге қысқарды.

2012 жылы облыстан 18 жасқа дейінгі 823 (2665) бала мен жасөспірім шығып кетті, келгені – 570 (1668) адам. Осындай орын ауыстыру нәтижесінде көші-қон сальдосы жағымсыз және 253 (-997) адамды құрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp