2015 жылғы қаңтар-маусымда барлық ағымдар бойынша көші-қонның теріс айырмасы 1563 адамды құрап, 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18,6%-ға кеміді.
Облысқа келгендер саны (өңірішілік көші-қонды есепке алмағанда) – 2650 адамды, кеткендер 4213 адамды құрады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы негізгі көші-қон шығыны Қазақстан Республикасы ішіндегі халықтың кетуі нәтижесінде қалыптасты. 2015 жылғы қаңтар-маусымда облыстан барлық кеткендердің (облысішілік көші-қонды есепке алмағанда) 73%-ы (3074 адам) Қазақстанның басқа өңірлеріне қоныс аударды. Өңіраралық көші-қонның теріс айырмасы 861 адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға кеміді. Кеткендердің саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 36%-ға өсті. 2015 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның басқа өңірлерінен халықтың қосылуы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,8 есе өсіп, 2213 адамды құрады. Ең белсенді көші-қон алмасу Ақмола облысымен және Астана қаласымен жүзеге асырылады, еліміздің осы екі өңіріне көші-қон айналымының (келгендер+кеткендер) 62,6%-ы келеді.
2-тоқсанда сыртқы көші-қон есебінен облысқа тұрғылықты тұруға 437 иммигрант келді, облыстан тыс жерге 1139 эмигрант кетті. Халықаралық көші-қонның теріс айырмасы 702 адамды құрады.
2015 жылғы қаңтар-маусымда ТМД елдеріне 1060 солтүстікқазақстандық көшті, облысқа 422 адам келді, көші-қон айырмасы минус 638 адамды құрады.
Эмигранттардың негізгі бөлігін бұрынғыдай Ресей Федерациясы қабылдайды (барлық кеткендердің 94%-ы), Беларуське – 5,2%, ТМД-ның барлық қалған елдеріне тек 0,8% ғана. ТМД елдерінен көшіп келгендердің арасында ең көп үлес салмақты Ресей Федерациясынан (ТМД-дан барлық келгендердің 67,5%-ы) және Армениядан (19,4%) қоныс аударғандар алады.
2015 жылғы қаңтар-маусымда әлемнің басқа елдеріне облыстың 79 тұрғыны қоныс аударды, облысқа тұрғылықты тұруға 15 адам көшіп келді, көші-қон айырмасы минус 64 адамды құрады.
Көшіп-қонғандардың жасына қарай сипаттамасы көші-қонның дені еңбекке жарамды жастағыларға келетінін көрсетеді, осы жастағы топқа кіретін тұлғалар келгендердің (өңірішілік көші-қонды есепке алмағанда) 78,5%-ын және кеткендердің 80,1%-ын құрады.
Облыстық статистика департаменті.