Өткен жылы облыс ішкі істер органдарына тұрғындардан 245 өтініш түскен. Сөйтіп жерлестеріміз 272 атыс қаруын, 12,5 миллион теңгенің 2300-ден астам оқ дәрісін өз еріктерімен тапсырды.
«Тіркелмеген қару-жарақты сақтау, заңсыз алып жүру фактілері бойынша 560 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 55 қару тәркіленді», – деді облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болат Жексембинов.