
Бүгін облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Руслан Әлішев тағайындалды. Ол бұрындары Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінде, облыстық ішкі саясат басқармасында басшы қызметтер атқарған. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметте болды. Мамандығы тарихшы, заңгер. Соңғы жылдары Орталық коммуникациялар қызметін басқарған. Облыс әкімі өзінің жаңа орынбасарына жемісті жұмыс тіледі.