«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ӘКІМІ «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС директоры Жарасбай Сүлейменовті қабылдап, «Soltústik Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сала ардагерлері мен журналистерге қажырлы еңбек тіледі. Сондай-ақ, кездесу барысында газеттің тарихы мен дамуы жайында сөз өрбітті.

«Өңірлік газеттің ұжымын және тұрақты оқырмандарын ғасырлық мерейтоймен құттықтаймын. Облысымыздың қара шаңырағы саналатын «Soltústik Qazaqstan» газетінің мемлекеттік саясатты насихаттауда және қоғамдық пікір қалыптастыруда алар орны бөлек. Тарихы бай басылымның журналистері солтүстікқазақстандық газет сүйер қауымға сапалы әрі өткір мақалаларын әрдайым ұсынып келеді. Оқырмандарыңыз көп болсын!»,- деп жазды Құмар Іргебайұлы өзінің Фейсбук парақшасында.

https://petropavltv.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp