«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЪЕКТИВТЕ – ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ

 Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай “Наурыз” атты фотокөрме болып өтті. 

Көрменің авторы – Станислав Кузьмин. Жерлес фотограф суретке түсіруді бала кезінен армандаған екен. Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік киноөнер университетінде және өзге жеке студияларда білім алған. Компьютерлік графика, фото және бейне түсірудің маманы ретінде Дубаи, Санкт-Петербург қалаларында жұмыс істеген. Фотосурет өнерінің қыр-сырын жетік меңгеру үшін әлі де тәжірибе қажет дейді ол. Қазіргі таңда Петропавлдағы “Point” фотостудиясында қызмет ететін Станислав Кузьмин көрмеге 40-тан астам фотосуреттерін қойды.  

Автордың фотосуреттері тақырып жағынан әр қилы. Оның басты кейіпкерлері – нәзік жандар. Ол  қыз-келіншектерді сұлу, көркем етіп бейнелеп қана қоймай, олардың ішкі жан дүниесін ашуға тырысқан. Фотосуреттер “Балет әлемі”, “Менің модельдерім”, “Стильді бейне” сериялары бойынша бөлінген. Станислав Кузьминнің ойынша, әйелдің сұлулығы оның жан дүниесінде, тек оны көрсете білу керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp